Дайрабаев
Жигули
Молдақалықұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Жиынға Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.С.Сұлтанов, Қаржы вице-министрі Е.Е.Біржанов, Энергетика вице-министрі Е.Қ.Ақкенженов, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары мен жанаржағармай тасымалдаушы компаниялардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде: 1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз ету.

2) ауыл шаруышылығы техникасының лизингін қаржыландыру үшін қосымша қаражат бөлу туралы.

Бірінші сұрақ бойынша Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.С.Сұлтанов баяндама жасап, туындап отырған мәселені шешу мақсатында жақын арада тиісті ережелерге өзгертулер енгізілетінін атап өтті.

Энергетика вице-министрі Е.Қ.Ақкенженов негізгі дизель отынын қамтамасыз ететін ұйымдар жұмыстары туралы ақпарат беріп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

Көктемгі дала және биылғы барлық ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізуге фермерлерді толығымен дизель отынымен қамтамасыз етуге толық мүмкіншіліктің барын салалық министрліктердің басшылары жария етті.

Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы тапсырған ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне бөлінетін 100 млрд. қаржымен қамтамасыз ету амалдары туралы Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері баяндады.