Дайрабаев
Жигули
Молдақалықұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР ҰЛТТЫҚ ЖИНАЛЫСЫ МЕН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ

Күн тәртібіне сәйкес, бірнеше маңызды мәселелер қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Имашева Снежанна Валерьевна реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету бойынша мәселесін ортаға салып, сөз сөйледі.

Екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы Қазақстан тарапынан Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Егізбаев Серік Рахметоллаұлы баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы Смышляева Екатерина Васильевна өнеркәсіптік кооперация, инновациялар және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарының маңыздылығын атап өтіп, баяндама жасады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Рақымжанов Асхат Нұрмағамбетұлының денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы хабарламасы тыңдалды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Смирнова Ирина Владимировна ғылым және білім саласындағы әріптестіктің перспективалық бағыттарының өзектілігін айқындап, сөз сөйледі.

Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ынтымақтастық топтарының кезекті отырысын өткізу мерзімдері мен тақырыптары талқыланып, тиісті қорытындылар шығарылды.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісімен Беларусь Республикасының Ұлттық Жиналысы ынтымақтастық тобы әр тоқсан сайын кездесіп тұруға уағадаластық.

Келесі отырыста ауыл шаруашылығы мәселелерін талқылауға келістік.