Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жалпыұлттық науқан

2024 жылғы 6 маусым                            



Депутат Н. Дементьева «AMANAT» партиясы ұйымдастырған«Таза бейсенбі» акциясына қатысты.

Image title


Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны бастамасын қолдау және оны жүйелі іске асыру үшін «AMANAT» партиясы кешенді жоба әзірлеп, оны іске асыруға Мәжіліс депутаттары, жастар қауымы, қоғам белсенділері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жоба аясында елімізде қордаланған экологиялық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған «Таза бейсенбі» акциясы мен «Таза Qazaqstan» Road-эстафетасы жүзеге асырылады.  

Бұл шаралардың қоғамда экологиялық мәдениет пен табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпалы ерекше.

«Таза бейсенбі» акциясы пилоттық режимде 6 маусымнан бастап еліміздің 10 өңірінде жүзеге асатын болады (Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары). Акция аясында қамтылған елді-мекендердің ластанған аумақтарында қоқыстан тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

«Таза Qazaqstan» Road-эстафетасы аясында «Астана – Алматы» автокөлік магистралі бойындағы аумақты (трассаның екі жағынан 50 метр) қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілетін болады. Эстафетаның жалпы қашықтығы – 1 202 км құрап, 6 өңірдің (Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстары) аумағын қамту жоспарланды.

Н.Дементьеваның пікірінше, экология, қоршаған ортаның тазалығы мәселесі барлық қазақстандықтар үшін маңызды болып табылады. Елді тазарту біздің қолымыздан келеді. Сондықтан «Таза бейсенбі» сияқты акциялардың дәстүрге айналуы маңызды.