2024 жылғы 20 маусым Астана қаласы
Депутат Н.Дементьева «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасының таныстырылымына қатысты.
ҚР Парламент Сенатында «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті. Онда «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы таныстырылды. Жобаның мақсаты Парламент депутаттарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, мемлекеттік органдардың және Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара тұрақты іс-қимыл жүйесін ұйымдастыру болып табылады.
Отырысқа Парламент депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, Астана, Алматы, Шымкент қалалары, облыстар мәслихаттарының, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.
Жиында Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы жаңа қоғамдық этиканы орнықтыруда орталық органдар ғана емес, сонымен қатар өңірлік билік рөлінің маңыздылығын да атап өткеніне назар аударылды. Қоғамда өскелең өмірді бағдар ететін және дүниетанымның ажырамас бөлігіне айналатын ұстанымның кеңінен қанат жаюы үшін тиімді тетіктер іздеу мен ұсыну және ілгерілетуде орталық пен өңірлер тығыз байланыста жұмыс істеуі қажеттігі туралы айтылды.
Жобаны іске асыру аясында Ассамблея мен өкілді биліктің өзекті мәселелері мен міндеттерінің спектрі қамтылады, сондай-ақ этноәлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін, қоғамдық, конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтау мақсатында жергілікті жерлерде ҚХА өкілдері мен этномәдени бірлестіктер басшыларының қатысуымен Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының этносаралық қатынастар мәселелерін ұдайы қарауы қамтамасыз етіледі.
Сонымен бірге өңірлер мәслихаттарының және ҚХА құрылымдарының жұмысы туралы мәселе көтерілді.
Н.Дементьева өз сөзінде аталған жобаның маңыздылығы мен уақтылылығын атап өтті, өйткені ол «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың жалғасы болып табылады. Бұл жоба еліміздің барлық өңірлерінде этносаралық бірлікті нығайтуға бағытталған ортақ міндеттерді шешу үшін Ассамблеяның, мәслихаттар мен Парламенттің өңірлік өкілдерін біріктіруге бағытталғанын айтты.
Жобаны іске асыру бұл жұмысты барлық өңірлерде жүйелеуге, мекемеаралық жұмыс жоспарлары мен жол карталарын әзірлеуге мүмкіндік береді.