Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Күн тәртібінде

2024 жылғы 25 маусым

Депутат Н.Дементьева Достық үйінде өткен депутаттық топтың отырысына қатысты.

«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының отырысы жұмысына ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, бірқатар мемлекеттік органдардың – ҚР Бас прокуратурасының ішкі істер, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің қызметкерлері, ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Image title


Жиында «Этносаралық қатынастарда жанжалдар туындауының проблемалық мәселелері және олардың алдын алу» тақырыбы талқыланды.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Құрманова, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин және басқа да сөз сөйлеушілер этносаралық татулық, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірегейлік – күн тәртібінен түспейтін түйіткілді мәселе және еліміздің қарқынды дамуына мүмкіндік беретін басты факторлардың бірі екенін атап өтті. Және осы бағытта іске асырылатын шаралар мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Image title


Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар еліміздегі ұлттық бірегейлікті нығайту мен азаматтық құндылықтарды дамыту туралы ой-пікірлерімен, тәжірибелерімен және жаңа тәсілдерімен бөлісті.

Депутат Н.Дементьева қоғамның әлеуметтік өмірінде орын алатын жанжалдар көбінесе тұрмыстық сипатта екенін атап өтті. Олардың этникалық сипаты болмайды. Және осы проблеманы айтқан кезде мұны тиісті мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері түсінуге тиіс. Тұрмыстық жанжалдарға ұлтаралық мән беру жағдайды шиеленiстiредi. Оны қоғамда нәзік сезімтал тақырыпты тербелтуге тырысатын арандатушылар пайдаланады. Біз оларға мұндай мүмкіндік бермеуге тиіспіз. Арандатушылықты мойынсұнудың қажеті жоқ екенін айтты.