2024 жылғы 25 маусым
«Бірлігіміз – әралуандықта» жобасының тұсаукесерінде Мәжіліс депутаты Н.Дементьева елдің мәдени алуан түрлілігін халық бірлігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде атап өтті.
Н.Дементьева ҚР Парламенті Сенатында өткен «Бірлігіміз – әралуандықта» жобасының тұсаукесеріне қатысты. Жобаның мақсаты: «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын іске асыру арқылы халық бірлігін нығайтуға жәрдемдесу, қоғамды біріктіру факторы ретінде Қазақстан халқының мәдени әртүрлілігін танымал етуге қатысу, «Бірлік пен Ынтымақтастық» базалық идеологемасының идеалдары мен құндылықтарын іске асыруға ықпалдасу.
Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев: «Біз «бірлігіміз – әралуандықта» деген қағиданы берік ұстанып, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтайтын боламыз» - деп атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық.Өрлеу» атты XXXIII сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының дайындалуына қатысты «Жоспарда біздің «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидамызды паш ететін іс-шаралар мен әлеуметтік сипаттағы жобалардың барлығы өзара үйлесім табуы керек.
Мен үнемі айтып жүретін «Бірлігіміз – әралуандықта» деген қағида бүкіл әлемге ортақ. Ол БҰҰ-ға тиесілі»-деді.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Сенат депутаты Н.Ниязова Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының қолдауымен Қазақстанда мәдениеттердің алуан түрлілігін, мәдениетаралық симбиозды көрсетуге бағытталған аталған жобаны іске асыруда. Атап айтқанда, Қазақстанның көпэтносты халқының мәдени әралуандығын баға жетпес жалпыұлттық игілік ретінде танымал ету көзделіп отыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктері, журналистер, блогерлер, мәдениет және ақпарат, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері жобаның серіктестері болып табылады.
Депутат Н.Дементьеваның пікірінше, сенатор Н.Ниязова ұсынған, өңірлердегі танымал тұлғаларды дәріптеуге бағытталған жоба қоғамда, әсіресе жастар арасында, туған өлкенің мәдениетін зерделеуге одан әрі қызығушылық танытуға мүмкіндік береді. Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің жобаға спикерлер ретінде қатысуы бұл институтқа жаңа серпін және бұдан да зор маңыз береді.