Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Президент Жолдауының аспектілері


2024 жылғы 5 қыркүйек                                                                          Астана қаласы

Депутат Н.Дементьева елордалық Достық үйінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің кездесуіне қатысты.

Кездесуге қатысушылар ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының бағыттарына қолдау білдірді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдары мен «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Ассамблея өткізген «Жүректен жүрекке» және «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларына ҚХА мүшелерінің белсенді қатысқандары аталды. Жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, саяси және қоғамдық өмірді жаңартуға, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға, жастарды патриотизмге тәрбиелеуге, Қазақстан тарихы мен мәдениетін құрметтеуге бағытталған жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асырудағы Ассамблеяның қызметі мен рөлі туралы айтылды.

Сонымен қатар, Президент айтқан негізгі міндеттердің бірі – Қазақстанды жайлы және қауіпсіз өмір сүру аймағына айналдыру Ассамблеяның әрбір мүшесінің міндеті ретінде қарастырылуы қажет екендігі айқындалды. Бұл ретте қоғамда Заң мен Тәртіп қағидатын тереңінен бекітуге ерекше назар аударудың маңызы зор.

Депутат Н.Дементьеваның пікірінше, Заң мен Тәртіп барлық жерде болуы тиіс! Бұл идеология Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында басты мәселе болып өтеді. Қазіргі кезеңде экономикалық саясатты және ұлттық идеологияны қалыптастыру процесінде Заң мен Тәртіп қоғамдық та, жеке де қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.

«Ғаламдық цифрландыру, ғаламтор мен инновациялық технологиялар дәуірінде қоғамымызды шайқауға, тұрақсыздандыруға және өз картасын ойнатуға тырысатын «қоғамдық пікір-арандатушы көшбасшылар» деп аталатын түрлі алаяқтардың қызметі орын алып отырғаны ешкімге құпия емес.

Әдетте, бұл адамдар жақсы ақы алып, шетелден әрекет етеді және бір ғана мақсат көздейді – іріткі салу, еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті бұзу. Алайда олардың әрекеттері орынсыз және сәтсіздікке ұшырайды, өйткені қазақстандық қоғамның бірлігі мен бірігуі ондаған жылдар бойы қалыптасып, бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың басты басымдығы болып табылады! Біз бір-бірімізге ашықпыз және төзімдіміз – дәл осы қасиеттер біздің халқымыздың бірлігінің негізінде жатыр»-деді Н.Дементьева өзінің жеке парағында.