Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттар форумы

2024 жылғы 3 қазан


Астанада өткен барлық деңгейлі мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында жаңа міндеттер белгіленді

Күннің бірінші жартысында форумның пленарлық отырысы, екінші жартысында панельдік сессиялар өтті.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев мәслихаттардың мемлекеттік биліктің маңызды тармағы ретіндегі рөлін атап өтіп, депутаттарға өкілетті билік функцияларын тиісті деңгейде және халықтың мүддесіне сәйкес атқаруға мүмкіндік беретін бірқатар міндеттерді белгіледі. Атап айтқанда, ол мәслихат депутаттарының құзыреттілік деңгейін жоспарлы түрде арттыру қажеттігін айтты.

2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша Конституцияға түзетулер енгізілгені белгілі. Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейтілді, биліктің барлық тармақтарының, оның ішінде жергілікті өкілетті органдардың қызметін жетілдіру жөнінде нақты шаралар қабылданды.

Жиында демократия – бұл нәтиже емес, үнемі қатысуы тиіс үдеріс және азаматтардың нақты қатысуы әлемдегі кез келген табысты демократияның дамуы мен өміршеңдігін айқындайды, деген пікір айтылды. Қазақстандықтардың ортақ парызы болашақ ұрпақ үшін берік іргетас құру болып табылады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау, олардың үйлесімді дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау – мемлекеттік саясаттың ең маңызды басымдығы екеніне назар аударылды.

Image title

Image title

Панельдік сессиялар аясында әлеуметтік әл-ауқат және адами капитал, тұрақты даму және агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылымдық даму және өнеркәсіп, цифрландырудың қаржы-экономикалық саясаты мәселелері талқыланды.

Депутат Н.Дементьева форум жұмысына қатысып, өз ойымен бөлісті: «Биылғы жылы депутаттар форумына Мемлекет басшысы қатысты, бұл іс-шараға ерекше мәртебе берді. Соңғы бірнеше жылда Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулерге байланысты Парламенттің рөлі едәуір артқанын атап өту қажет. Өз кезегінде, ауыл, аудан әкімдерін сайлау жүйесі қоғамды одан әрі демократияландыруға жол ашты. Азаматтардың сенімі – бұл біздің еліміз үшін жақсы болашақ құрудың негізі, барлық деңгейдегі депутаттардың қызметіндегі басты ұстаным».