2024 жылғы 31 қазан Ақтау қ.
Amanat партиясының Маңғыстау облыстық филиалында депутат Н.Дементьеваның партия активімен кездесуінде қоғамдық даму мәселелері талқыланды.
Amanat партиясының облыстық филиалында бірқатар мәселелер талқыланды, оған мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар, қоғам өкілдері қатысты.
Н.Дементьева кездесуге қатысушыларға Мәжілістегі заң шығару жұмысының негізгі аспектілері туралы ақпарат берді, өз кезегінде партия әріптестері Amanat партиясының облыстық филиалының халықпен жұмысы туралы баяндады. Кездесу барысында «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру, жылумен және сумен қамтамасыз ету, оқушыларды тамақтандыру (әсіресе, жекеменшік мектептерде), өңірдегі әскери қызметке шақыру науқаны және т.б. мәселелер қозғалды. Сондай-ақ жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін медиация институты мен басқа да қоғамдық институттарды дамытудың, жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеудің маңыздылығы атап өтілді.