2024 жылғы 11 желтоқсан
Депутат Н.Дементьева әріптестерімен бірге Мәжілісте өткен Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен «STEM саласындағы қыздарға арналған көшбасшылық бағдарламасы» тақырыбындағы кездесуге қатысты.
Іс-шараға қатысушылардың екі күндік тренингі шеңберінде Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен Мәжілісте кездесу ұйымдастырылды. (БҰҰДБ 1965 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен құрылған және БҰҰ желісі бойынша дамушы елдерге көмектің көп бөлігін үйлестіретін даму саласындағы БҰҰ жүйесінің жетекші ұйымы болып табылады. Бағдарламаның штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан. БҰҰДБ-ның әлемнің 177 елінде өз бөлімшелері бар. БҰҰДБ-ның жәрдемі өтеусіз сипатта болады, оның мақсаттары мен параметрлерін реципиент елдердің үкіметтері айқындайды).
Мәжілістегі жиынға Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылары, елдің бірқатар жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысты. Кездесуде STEM-дегі гендерлік теңдік үшін жаһандық қозғалыс әйелдерді қолдау бойынша мақсатты бастамаларды талап етеді, делінді. Жас әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту олардың жеке мансабына пайда әкеліп қана қоймай, өз қоғамдастықтарындағы өзгерістерге ықпал ету қабілетін де арттырады. STEM-де жас таланттарды дамыту елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне ықпалы бар, деп атап өтілді.
Іс-шарада Мәжіліс депутаттары Ж.Сүлейменова, Н.Дементьева, И.Смирнова, А.Сағандықова бағдарламаға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, тәжірибе бөлісті.
Н.Дементьева: «Гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған STEM бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Парламент Мәжілісінде Маңғыстау мен Қызылорда өңірлерінің жас өкілдері болды. Студенттердің Мәжілістің әйел депутаттарымен кездесуі Мәжіліс қызметі, заң шығару жұмыстары туралы ақпар алуға мүмкіндік берді. Студенттер депутаттық корпус әйелдерімен әңгімелесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды».
Сарапшылардың айтуынша, бағдарлама қатысушыларға көшбасшылық қасиеттері мен коммуникация дағдыларын нығайтуға; жұмысқа орналастырудың практикалық дағдыларын алуға; STEM-де кәсіби әйелдермен және саясаткерлермен жеке қарым-қатынас жасау арқылы өз жұмыс саласы туралы көбірек білуге; «job shadowing» форматында тәжірибеден өтуге септігін тигізеді.