Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәдениет пен дәстүрлер

2025 жылғы 18 наурыз                                                            Астана қаласы

Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті, онда билік өкілдері, жұртшылық және сарапшылар ел дамуының негізгі мәселелерін талқылады.

«Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV  отырысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы және қазақстандық қоғамның тыныс-тіршілігіндегі жаңа міндеттер мен бағыттарды жария етті. Еліміздегі мәдениет пен дәстүрлер туралы айта келе, ол ұлттық киімнің қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті: «Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек,» деген еді. Мен де осыған толық келісемін! Бүгін Наурызнама бойынша Ұлттық киім күні. Сәні мен салтанаты жарасқан, ою-өрнегі қабысқан тымақ, шапан, тақияны қазір жұрт той-думан ғана емес, күнделікті тұрмыста да киіп жүр. Бұл қалыпты үрдіске айналды.» -деп бөлісті әлеуметтік желідегі жеке парақшасында депутат Н.Дементьева.