Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ассамблеяның 30-жылдығы аясында

2025 жылғы 28 наурыз                                                             Астана қаласы

Депутат Н.Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы Астана қаласының Достық үйінде өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі жетістіктері туралы айта келе, ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА қоғамдық құрылымдарының рөлін атап өтті. Сондай-ақ, ҚХА кеңесінің мүшелерін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Вице-министр Е.Кочетов Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларын Мәдениет және ақпарат министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың орындау барысы туралы ақпарат берді. Л.Буларов пен Ю.Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қоғамдық орынбасарлары ретінде атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚХА Кеңесінің жаңартылған құрамы қарастырылып, ҚХА Аналар кеңесінің Үлгілік ережесі бекітілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары