Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Спорт және қарым-қатынас

2025 жылғы 2 сәуір                                                                           Астана қаласы

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Н. Дементьева инклюзия мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиынның күн тәртібінде – «Тең мүмкіндіктер» ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған II Республикалық инклюзивті спорт фестивалі болды.

«Тең мүмкіндіктер» фестивалі «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының бастамасымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстандық бочча федерациясы, Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы және басқа да ұйымдармен бірлесіп өткізіледі. Өткен жылы фестиваль еліміздің 18 өңірінде ұйымдастырылып, 1800-ге жуық баланы қамтыды, олардың үштен бірі ерекше қажеттіліктері бар балалар болды.

Н.Дементьева атап өткендей, фестиваль – балалардың тек қана спорттағы жетістіктері емес, сонымен қатар олардың өзін-өзі танытуына, қарым-қатынас жасауына және өзара қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін іс-шара. «Бүгін біз инклюзиялық қоғамның қалыптасуы туралы айтып жүреміз, бұл үшін барлық деңгейде үлкен ағартушылық жұмыс жүргізілуі қажет. Ең алдымен, оның негізі әрбір отбасыда қалануы тиіс. Сондықтан біздің фестивалді өткізудің маңызы зор. Инклюзивті спорт фестивалі және, жалпы алғанда, адаптивті спорт мүгедектігі бар балаларды әлеуметтендірудің, ересек өмірге бейімдеудің және олар үшін рухани құндылықтар жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады», – деді депутат.

Кеңесте бірқатар ұсыныстар мен проблемалар туралы айтылып, талқыланды. Мәселен, ата-аналарының сүйемелдеуін қажет ететін, бірақ ата-аналарының жол жүру, тамақтану, тұру ақысы қарастырылмаған (өтелмейтін) ауыр мүгедектігі бар балалардың фестивальға баруына қатысты мәселе болды.                                         Осыған «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры Н. Ұлжекова назар аударды. «AMANAT» партиясының Саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары Г.Нұрахметханова қолданылған тәжірибеге сүйеніп, бірыңғай алгоритм әзірлеуді және фестивальді ұйымдастырудың бірыңғай құрылымын енгізуді ұсынды.

Кеңес қорытындысы бойынша, 2025 жылы «Тең мүмкіндіктер» ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған II Республикалық инклюзивті спорт фестивалін күзде өткізу жоспарланды: өңірлік іріктеу кезеңдері қазан айында, ал республикалық финал қарашада Астанада ұйымдастырылады.