Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәдениет

2025 жылғы 22 cәуір                                                                         Астана қаласы

    Депутат Н.Дементьева «Америка ашқан қазақтар» атты кітаптың таныстырылымына қатысты.

    Парламент Мәжілісінің кітапханасында журналист, ақын Дүйсенәлі Әлімақынның «Америка ашқан қазақтар» атты кітаптың таныстырылымы өткізілді. Бұл еңбек автордың «Болашақ» бағдарламасы аясында Вашингтон университетінде тәжірибеден өтіп, АҚШ-тағы архивтерде жүргізген зерттеуінің нәтижесі. Автор жыл бойы АҚШ Конгресінің кітапханасы, Гельман, Шекспир, Лузер Кин атындағы қалалық кітапханада болып, ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне қатысты деректерді іздеді. Соның нәтижесінде Питтсбурк, Америка, Нью-Йорк, Джоржтаун университеті сынды үлкен оқу орындарының ғылыми кітапханаларында сақталған еңбектерден қазаққа қатысты деректерді осы кітапқа топтастырып, оқырманға ұсынған. Жобаға «Болашақ» бағдарламасы мен Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры қолдау көрсетті.

    Кездесуде Америкадағы ағылшын нұсқадағы деректерді қазақша сөйлеткен Д. Әлімақынның бұл кітабындағы деректер осы салаға қызығушылық білдіретін оқырманға рухани азық, таным көкжиегін кеңейтер құрал болатыны айтылды.

    Б.Уәли кітаптың алғысөзінде қазақтың бай тарихы мен мәдениеті туралы құнды деректер әлемнің түкпір-түкпіріндегі архивтерде сақталған...Жас зерттеуші Дүйсенәлі Әлімақынның «Америка ашқан қазақтар» атты бұл жинағы кезінде біз туралы том-том кітап жазған Батыс саяхатшылары мен ғалымдарының кітаптарындағы халқымызға қатысты деректерді бір арнаға топтастырып, жүйелеген еңбек. Жас зерттеушінің бұл кітабындағы әрбір дерек біз үшін аса құнды. Бұл еңбек тарихымыз бен мәдениетіміздің кешегі күнгі келбетін бүгінгі дәуірдегі ұрпақтарымызға түсіндіруге арналған туынды, -деп атап өтті.

    Жиынға қатысқан депутаттарға, мемлекеттік ұйымдардың, БАҚ өкілдеріне, қызметшілерге бүгінде қазақстандық қоғамда талап етіліп отырған батыстық зерттеушілердің көзімен біздің ата-бабаларымыздың тарихы мен мәдениеті туралы мәліметтер ұсынылды. Депутаттар іс-шарада сөз сөйлеп, тілектерін білдірді.

    Н.Дементьева: «Бұл АҚШ-тағы архивтерде сақталған қазақ тарихына қатысты тың мәліметтер жиналған туынды зерттеушілерге, оқырмандарға ғана емес, сонымен қатар халықтың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытқан барша жандарға құнды дереккөз болады деп ойлаймын».