Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Айтулы кезең

2025 жылғы 23-24 сәуір                                                              Астана қаласы

Астанада «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты күн тәртібінде XXXIV сессия өтті.

Депутат Н.Дементьева әріптестерімен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясына қатысты. Форумға Парламент депутаттарын, еліміздің барлық өңірлерінен келген ҚХА мүшелерін, этномәдени бірлестіктердің басшыларын, мемлекеттік құрылымдардың, діни және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ көрнекті ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерін қоса алғанда, 1600-ден астам адам қатысты. (Қазақстанда бір шаңырақ астында 124 этнос тұрады).

Сессия барысында Президент патриотизм, азаматтылық, өзара сенім және жауапкершілік сезімі сияқты маңызды құндылықтар халқымыздың бірегей ұлттық бірегейлігін айқындайтынын атап өтті. Қазақ жерінде тұратын барлық этностардың өз тілін, мәдениеті мен дәстүрін жан-жақты дамытуға мүмкіндігі бар. Ол үшін бізде барлық жағдай жасалған. Ынтымақ-бірлік, диалог, өзара сенім мен құрмет, азаматтық жауапкершілік – мұның бәрі елімізді қарқынды дамытудың мызғымас қағидаттары. Осы құндылықтарға арқа сүйей отырып, біз Тәуелсіздіктің зор жетістіктерін сақтап, еселеп, келер ұрпаққа аманаттай аламыз. Сонда ғана Әділетті Қазақстанды құрамыз.

Сондай-ақ, биыл атап өтілетін Жеңістің 80 жылдығы әлемдік-тарихи маңызы бар оқиға екені айтылды. Қазақстан майдангерлері мен тыл еңбеккерлері, барша халқымыз Отан үшін отқа түсті. Ұлы Жеңістің тағылымы барша халыққа, әсіресе, саясаткерлерге ксенофобияға, нәсілдік және ұлттық үстемдікке, халықаралық құқық қағидаттарын құрметтемеуге құрылған жауапкершіліктен жұрдай саясат жүргізудің салдары қандай қасіретке әкелетінін әлі күнге дейін көрсетіп отыр. Республикалық ономастикалық комиссия елді мекендердегі 500-ден астам көшеге бұған дейін елеусіз қалған жергілікті қаһармандардың есімін беру туралы шешім қабылдады. Ең алдымен, жаңа және атауы қайталанатын көшелерге басымдық беріледі. Ең бастысы, әрине, мемлекет пен қоғамның ерекше қорғауында болатын құрметті ардагерлерімізге айрықша көңіл бөлеміз. Елімізде «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» жоспары арнайы қабылданып, жүзеге асырылуда. Осы ауқымды жұмыстың аясында екі мыңнан астам мәдени, ғылыми-зерттеу, ағарту және басқа да іс-шаралар өткізіледі. «Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау дегеніміз, бұл – ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі мен ерлігін, парызға адал және антқа берік болғанын ұмытпау деген сөз. Біз сол сұрапыл соғыс кезінде теңдессіз батырлық пен батылдық көрсеткен отандастарымызды әрдайым орасан зор құрметпен есте сақтаймыз», деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – егемендік тарихындағы айтулы оқиға. Біз халқымыздың береке-бірлігін нығайтуға үлес қосқан азаматтарымызға әрдайым құрмет көрсетеміз. Отыз жылда жеткен жетістіктеріміз осындай абзал жандардың еселі еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Жұртымыз үшін ең үлкен марапат – елдің тыныштығы, делінді Ассамблея сессиясында.