Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Зор міндет

2024 жылғы 24 мамыр                                                           Петропавл қаласы


    Депутат Н.Дементьева Петропавл қаласында өткен «Демеу жұлдыздары» атты VII облыстық өнерпаздық фестивалінде болды.

    Бұл үлкен жиында  – мүмкіндігі шектеулі балалар сахна төріне шығып өздерінің өнерін жан жағынан көрсете білді: ән салды, би биледі, театр қойылымын көрсетті.

    Айрықша айтып өтетін жағдай – фестиваль барысында ерекше балаларға өзінің демеушілігін көрсеткен, қолдау білдірген меценаттар сол балалардың қолынан арнайы ұйымдастырылған медалінің иегері атанды. Медаль иегерлерінің ішінде – Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Д. Тангиевке медаль табысталды.

Image title


    «Осы керемет іс-шараны ұйымдастырған Баймухаметовтар отбасын ерекше атағым келеді. Біздің отбасымыздың досы - Резеда Баймухаметова - қарапайым адам бола тұра, Алтын жүрегі бар, ақкөңіл адам! Кәсіби маман, психолог, Резеда Салимжановна барлық адамдарға өзінің көмегін, қолдауын беру үстінде.

    әселесіне назар салуымыз керек. Сол үшін бәріміз ат салысуымыз қажет. Өйткені барлық балалардың құқықтары тең!» - деп өз пікірімен бөлісті Н.Дементьева.  

       Депутат Н.Дементьева «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының инклюзия бағыты бойынша тең төрайымы болып табылады. Партияның жоспары бойынша, республикамыздың өңірлерінде бірқатар балалар фестивальдері өткізілмек. Қазіргі күнге Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан  облыстарында, Астана қаласында осындай мерекелер өтті. Ата-аналар қауымы «AMANAT» партиясына балаларға назар  аударып, қолдау көрсеткендері үшін өздерінің зор ризашылықтарын білдіруде.