2024 жылғы 1 шілде
Мәжіліс депутаттарының өңірлерге шығуы аясында депутат Н.Дементьеваның халықпен кездесулері Ақмола облысының Біржан сал ауданынан басталды.
Депутат Баймырза, Шошқалы ауылдарына кіре берістегі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу нысанында болды.
Мердігер – «GRUSS» ЖШС, Астана қ. Жұмыстар 17.06.2024 ж. басталды. Депутат атқарылған жұмыстармен танысты. Атап айтқанда, мұнда 6,4 км жерді фрезерлеу жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта материал әкелінуде. Жоба екі жылдық мерзімге есептелген, толық қаржыландырылған жағдайда нысан ағымдағы жылы аяқталмақ.
Степняк қаласындағы келесі нысан – құрылысы 2021 жылы басталған Біржан сал ауданы Б.Момышұлы көшесі № 65 бойындағы Бұланды ауылындағы 80 орындық мектеп. Мердігер – «Ер-Қанат Сервис» құрылыс компаниясы» ЖШС (шарт № 2021-93 16.07.2021) Авторлық қадағалау – «Дизайн Центр» ЖШС. Техникалық қадағалау – «Тұрғын үй өнеркәсіптік жобасы-Көкшетау» ЖШС. 2022 жылы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаға түзетулер енгізілді, нәтижесінде оның құны артты.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа мердігер – «Дело ФБК» ЖШС анықталды, себебі бұрынғы мердігермен келісім-шарт жосықсыз жұмысына байланысты бұзылады. Барлық соңғы түзетулерді ескере отырып, нысанды пайдалануға беру 2024 жылға жоспарланған.
Одан кейін депутат Біржан сал ауданының Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухана нысанында болды. Оның құрылысы 2023 жылы «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында басталды
Мердігер – «Тараз ҚұрылысИнвест» ЖШС. Бүгінгі күні 3-ші қабатты қалау жұмыстары аяқталды, терезелер орнатылды, 1,2 қабатты әрлеу жұмыстары жүргізілуде, ішкі және сыртқы инженерлік желілер монтаждалуда, жабдықтар әкелінуде, аумақ абаттандырылуда.
Жылумен қамтамасыз ету үшін блокты-модульді қазандықты (БМК) орнату жоспарланып, конкурстық рәсімдер басталды, орнату орны анықталды. Нысанды пайдалануға беру 2024 жылға көзделген.
Н.Дементьева Степняк қаласындағы «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Ауылдықтар тұрғын үй, жол, грант алу мәселесі және т.б мәселелер көтерді. Сұрақтарға тиісті түсініктеме берілді.
Депутат 3 нысанды аралады, 4 кездесу өткізіп, 7 адамды қабылдады.