2024 жылғы 2 шілде
Бүгін Н.Дементьева Ақмола облысы Ақкөл ауданына келіп жетті.
Салынып жатқан нысандарды аралап шықты. Алдымен Новорыбинка ауылындағы дәрігерлік амбулатория нысанын тексерді. Оның құрылысы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Іске асыру кезеңі - 2024 жыл.
Мердігер – «ALTYN LTD» ЖШС, Шымкент қ. Авторлық қадағалау – «Қазақстан құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ. Қазіргі уақытта мердігер іргетас блоктарын (ФБҚ) орнату бойынша жұмыстарды аяқтады. Тік жоспарлау жүргізілуде.
Кейін Н.Дементьева Ақкөл қаласындағы 45 пәтерлі тұрғын үй нысанында болды. Мамандардың айтуынша, оның құрылыс мерзімі ұзаққа созылған. Пәтерлер көп балалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтарға арналған еді. Бүгінгі таңда аталған нысан бойынша Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берілді.
Ақкөл ауданында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Мәслихат депутаттарымен кездесіп, «AMANAT» партиясының Жол картасын жүзеге асыру барысын талқылады.
Депутат 2 нысанды аралады, 4 кездесу өткізіп, 6 адамды қабылдады.