2024 жылғы 3 шілде
Бүгін Н.Дементьева Ақмола облысы Бұланды ауданына келіп жетті.
Мұнда су тасқынынан бірнеше ауыл зардап шеккен. Депутат Капитоновка ауылында зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысымен танысты. Құрылыс өндірістік кестеге сәйкес жүріп жатқанын атап өтті.
Н.Дементьеваның ауыл тұрғындарымен кездесуінде маңызды мәселелердің бірі – Капитоновка ауылынан Балуан Шолақ ауылына дейінгі ұзындығы 7 км болатын кіре беріс жолды жөндеу туралы мәселе көтерілді. Ауыл тұрғындарының мәселелерін депутат аудан әкімімен талқылап, олардың шешілуін жеке бақылауына алды.
«AMANAT» партиясы Макинск қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Аудан тұрғындары Аққайың ауылындағы су құбыры желілерін қайта жөндеу, Қараөзек ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеу, Мәскеу көшесіндегі жолдарды ағымдағы жөндеуді жүргізу, сондай-ақ Алтынды-Никольское жолын күрделі жөндеу мәселелерін көтерді. Бірқатар мәселелерді шешуді ауданның жергілікті атқарушы органдары бақылауға алды. Жолдарды күрделі жөндеу мәселелері «AMANAT» партиясының бақылауында.
Одан кейін депутат Қалиевтер отбасында болып, ата-аналармен әңгімелесті. «Мүмкіндігі шектеулі екі баласын тәрбиелеп, бұл отбасы тағы төрт баланы қамқорлыққа алды. Бүгін Мәжілісте баланы асырайтын отбасылар институтын енгізу мәселелерін қарау жөніндегі заң жобасы бар. Заң жобасы аясында осы институтты іске асыру тетіктері қарастырылуда»- деп алғысын білдіре отырып, атап өтті өз жеке парақшасында Н.Дементьева.
Депутат 2 нысанды аралады, 4 кездесу өткізіп, 7 адамды қабылдады.