2024 жылғы 4 шілде
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшелері Н.Дементьева, А.Мысырәлімова және Ю.Кучинская Ақмола облысында кездесулер өткізді.
4 шілдеде депутаттар «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы бойынша салынып жатқан нысандарда болып, проблемаларды шешу жолдарын бірлесіп қарастырды. Білім беру мекемелерінде орын тапшылығы ең өзекті болып табылады. Осыған байланысты олар Көкшетауда «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынып жатқан 1500 орындық мектептің құрылысымен танысты.
«Сарыарқа» шағын ауданындағы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша құрылыс жұмыстарына назар аудардық. Бұл, әрине, өте орынды және қажетті нысан. Васильковский шағын ауданында № 17 мектеп бар, оған балалар 2 ауысыммен барады. Жаңа мектеп салынғаннан кейін оқушылардың жағдайы жақсарады деп ойлаймын. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда» - деп атап өтті Н.Дементьева.
Одан кейін депутаттар Н. Дементьева мен А. Мысырәлімова Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен дөңгелек үстел басында кездесті. Кездесуде ел Президентінің қазақстандық қоғамдағы келісімді нығайту жөнінде қойған міндеттері туралы сөз болды. Н.Дементьева қатысушылардың назарын әлеуметтік мәселелерге, экологияға, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, лудоманияға және т.б. қатысты заңнаманың жаңа аспектілеріне аударды.
«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында Н.Дементьева азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік, тұрмыстық сипаттағы мәселелер орындауға қабылданды. Сондай-ақ тұрғындар туризмді дамыту және қазақстандық идеологияны қалыптастыру бойынша ұсыныстарын айтты. Барлық көтерілген мәселелер заңнама шеңберінде талқыланып, түсіндірілді.