2024 жылғы 5 шілде Щучинск қаласы
Депутат Н.Дементьева Ақмола облысы Бурабай ауданында халықпен жүздесті.
Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесуде қатысушыларды Парламент Мәжілісі депутаттарының заңнамалық қызметі туралы ақпарат беріп, әріптес-депутаттардың ұсыныстарын қабылдады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының жылдағы Жолдауларын, Президенттің сайлауалды бағдарламасын, Ұлттық құрылтайда қабылданған шешімдерді іске асыру депутаттық корпус қызметінің негізгі өзегіне айналғанын айтты. Сессия барысында екі палатаның қарауында 179 заң жобасы болды. Оның 102-сі қабылданды. Қабылданған заңдарға сәйкес, мәселен, мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдардың жалақысы көбейтілді. Сонымен бірге қоғамның басқа да көптеген мәселелері бойынша шешімдер қарастырылды. Бүгінгі Парламент Мәжілісінің көппартиялылығы қабылданатын шешімдердің демократиялылығын, теңдессіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ депутат Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы жаңа қоғамдық этиканы орнықтыруда орталық органдар ғана емес, сонымен қатар өңірлік билік рөлінің маңыздылығын да атап өткеніне назар аударылғанын айтты. ҚР Парламентінде «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты туралы айта келе, ол Парламент депутаттарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, мемлекеттік органдардың және Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара тұрақты іс-қимыл жүйесін ұйымдастыруға назар аударды. «Жобаны іске асыру бұл жұмысты барлық өңірлерде жүйелеуге, мекемеаралық жұмыс жоспарлары мен жол карталарын әзірлеуге мүмкіндік береді», деді Н.Дементьева.
Сол күні депутат Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылу күніне 35 жыл толғанына арналған іс-шараларға қатысты.