2024 жылғы 10 шілде
Бүгін Н.Дементьева Ақмола облысы Аршалы ауданына келді.
Депутат ауданның бірқатар нысандарын аралады. Атап айтқанда, бұрын өртеніп кеткен мәдениет үйінің орнына «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында жаңадан салынып жатқан Мәдениет үйінде болды. 300 орынға есептелген бұл мекемені алдағы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Енді жаңа мәдениет ошағы барлық өнерпаздарды қабылдауға дайын болады.
Аршалы ауылындағы № 1 жалпы білім беретін мектепте екі жыл бұрын күрделі жөндеу болған. Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілген (коммуникация желілері, төбе жабыны және т.б.). Бұрынғы мердігер жосықсыздар тізіліміне енгізілген, қазіргі уақытта барлық кемшіліктерді жаңа мердігер жоюда. Қыркүйекке қарай бүкіл жұмыстар аяқталып, мектеп өз оқушыларына есігін ашпақ. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының бақылауында.
«AMANAT» партиясының Аршалы ауылындағы аумақтық филиалында Н.Дементьева азаматтарды қабылдау кезінде тұрғындар тарапынан еңбек қатынастары, тұрмыстық мәселелер, аудандағы ауылдық мектептердің бірінің жағдайы туралы айтылды.
Барлық келіп түскен ұсыныстар мен сұрақтар бойынша түсіндірме берілді.