Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәселенің мәні

2024 жылғы 23 қыркүйек

    Депутат Н.Дементьева Ақмола облысының Біржан сал ауданы халқымен кездесті.

Image title

    АЭС салу мәселесі ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін республикалық референдумға шығарылады. Референдум мәселелерін түсіндіру үшін Н.Дементьева Біржан сал ауданының елді мекендерінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Image title

    Депутат ауыл тұрғындарына АЭС құрылысының мәні туралы айтып, олардың сұрақтарына жауап берді. Мәселен, АЭС-ті кім салады деген сұраққа жауап бере отырып, Н.Дементьева Үкімет негізгі әлемдік жеткізушілердің технологияларын зерделегенін атап өтті.

Image title

«Тізімге осы салада құзыреті және тәжірибесі бар төрт компания енгізілген: қытайлық CNNC, корейлік KHNP, ресейлік Росатом және франциялық EDF. Конкурс, біздің ұлттық мүдделерімізге сүйене отырып, көптеген параметрлер бойынша өткізіледі. Бұл ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, біздің жұмыс күшіміз бен материалдарымызды пайдалану, жергілікті өнеркәсіпті дамыту мәселелеріне қатысты. Соның ішінде қаржыландыру ескерілетін болады. Бұл заемдар немесе инвестор компанияның өзінің тікелей инвестициялары болуы мүмкін», -деді депутат.