2024 жылғы 23 қыркүйек
АЭС құрылысы мәселесін депутат Н.Дементьева Ақмола облысы Зеренді ауданының тұрғындарымен талқылады.
АЭС салу тақырыбы бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде талқылануда. Ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін республикалық референдумда қазақстандықтар елдің алдағы жылдарға арналған болашағын белгілейтін маңызды шешім қабылдайды. Алдағы референдумның мәселелерін айқындау және түсіндіру мақсатында Н.Дементьева Зеренді ауданының елді мекендерінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Білім, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мекемелерінің еңбек ұжымдарымен, ауыл тұрғындарымен кездесуі кезінде депутат АЭС құрылысы мен жұмыс істеуіне қатысты өз көзқарасымен бөлісті және олардың сұрақтарына жауап берді.
Н.Дементьева атом электр станциясының ел үшін орындылығы, оның қазіргі кезеңдегі қажеттілігі және осы салада кадрлар даярлау туралы айта келе, бұл мәселе біздің жұртшылықпен кеңінен талқыланып, қолдау тауып отырғанын атап өтті.
Ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып: «Экология мәселесіне келетін болсақ, егер АЭС салынатын болса, ол Балқаштың тайыздануына әкеліп, көлге радиация түсуі мүмкін қауіпі бар ғой дейтін адамдарға бұл тұрғыда цифрлар мен сараптама керісінше дерек беретінін айтқым келеді. АЭС аз ғана суды пайдаланады және бұл бүкіл Балқаш суының көлеміне айтарлықтай әсер етпейді. Балқаш суы тек салқындату үшін пайдаланылады және радиоактивті заттармен жанаспайды. Сондықтан мұнда қауіпсіздік мәселелері қарастырылып, қамтамасыз етіледі», - деді депутат.