Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мақсатты айқындау

2024 жылғы 25 қыркүйек

Бүгін депутат Н.Дементьева Ақмола облысының Шортанды ауданы тұрғындарымен кездесті.

Image title

Республикалық референдум мақсатын түсіндіру барысында Н.Дементьева Шортанды ауданында болды.

Депутат Бараев атындағы Ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерімен, агрохимқызмет ұжымымен кездесіп, АЭС құру мәселесін талқылады. Ғалымдар көтерген сұрақтардың ең өзектісі – атом электр станцияларының қауіпсіздігі. Химия, биология, агроном мамандар радиациялық белсенді шығарындылар, атом бөлшектері не екенін жақсы біледі. Осыған орай белсенді талқылау, пікіралмасу болды.

Image title

Депутат бұл мәселеге келгенде халықта Чернобыль, Фукусима атом электр станцияларымен болған оқиғаларға байланысты түйткілді мәселе туындайтынын айтып, тиісті ақпарат берді. «Соңғы 40 жылда атом энергетикасы айтарлықтай өзгерді. Әлемде жұмыс істейтін 415 атом реакторының 306-сы (74%) ІІІ немесе ІІІ+ буындарына жатады. Бұл реакторлар ең сенімді болып саналады. АЭС– энергияның ең таза көздерінің бірі»-деді Н.Дементьева.

Image title

Сондай-ақ депутат атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елге заманауи озық технологияларды енгізуге, шетелдік инвестицияларды тартуға, өндірістік қуаттарды ұлғайтуға, кәсіпорындардың тиімділігіне ықпал етуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деген сарапшылардың дәлелдерін келтірді.

Image title

Депутаттың пікірінше, ауыл тұрғындары біздің еліміз үшін маңызды шешім қабылдау мәселесіне дайын және АЭС құрылысын стратегиялық маңызды деп санайды.