2024 жылғы 30 қыркүйек
Депутат Н.Дементьева, топ жетекшісі ретінде республикалық халық штабының мүшелерімен бірге Ақмола облысының Бурабай ауданында болды.
Республикалық халық штабының мүшелері «Азияқотломаш» ЖШС еңбек ұжымымен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалында Бурабай ауданының кәсіпкерлерімен, Щучинск қаласының орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің қызметкерлерімен, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұжымымен кездесті.
Штаб мүшелері атом электр станциясының елдің дамуындағы рөлі, оның әлеуеті мен қоршаған орта мен адам денсаулығына әсер ету дәрежесі туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, аудан тұрғындарында туындаған сұрақтарға жауап берді.
Мәселен, кадрлық қамтамасыз ету туралы айта келе, Н.Дементьева сарапшылардың мәліметтерін келтірді: бүгінде уран шикізатын өндіру мен қайта өңдеуге 17 мың адам жұмылдырылған, зерттеу институттарында 600-ден астам маман жұмыс істейді. Жыл сайын 5 жоғары оқу орнында мамандар даярлануда, білім алушылар саны 8000 адам. Алматыда Мәскеу физика-техникалық институтының филиалы ашылды.
Мамандардың пікірінше, АЭС салу айтарлықтай экономикалық пайда әкеледі: құрылыс кезеңінде 8000, ал пайдалану кезеңінде 2000 жұмыс орны ашылады. АЭС-тегі әрбір жұмыс орны аралас салаларда қосымша 10 жұмыс орнын ашады. Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін барлық қажетті жағдайларға ие.
Штаб мүшелері аудан тұрғындарын ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдумға қатысып, еліміздің болашағын анықтайтын маңызды шешім қабылдауға шақырды.