Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ел патриоттарын тәрбиелеу

2024 жылғы 1 қараша                                                                  Ақтау қаласы

Маңғыстау облысында әскери қызметке шақыру науқаны аясында  депутат Н.Дементьева Ақтау қаласында әскерге шақырылушылардың ата-аналарымен кездесіп, жиында сөз сөйледі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мақсатында қорғаныс ведомствосы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік көңіл-күйін жақсартуға бағытталған мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруда.

Image title

Маңғыстау облысында әскери қызметке шақыру науқаны аясында  депутат Н.Дементьева әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен, әскерге шақырылушылардың ата-аналарымен кездесіп, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін тәрбиелеу өзектілігін атап өтті.

Қалалық Мемлекеттік рәсімдер алаңында Маңғыстау облысынан әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шараға Ақтау қаласының әкімі А.Байпақов, Әскери-теңіз күштерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Қарулы Күштердің ардагерлері, жас жауынгерлердің туыстары мен достары қатысты.

Image title

«Бүгін біз ұлдарымызды армияға жібергелі отырмыз, әскерде олар нығайып, шыңдалып, қажетті тәжірибе алып, Отанның нағыз қорғаушылары болады. Әскери қызмет етуде балаларымызға табыс, сәттілік тілейміз», - деді Н.Дементьева. Оның пікірінше, жастар үшін ел алдындағы әскери борышын абыроймен өтеу өте маңызды.

31 қазанда «Amanat» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында депутат мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдерімен кездесу өткізіп, соның ішінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту міндеттері жөнінде бірқатар мәселелер талқылады.