Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өңірден жаңалық

2025 жылғы 5 қаңтар

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге шығуы аясында депутат Н.Дементьеваның халықпен кездесулері Ақмола облысының Целиноград ауданынан басталды.

Депутат «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру шеңберіндегі құрылыс объектілеріне болып қайтты.

Бұл ауыл тұрғындары ашылуын өте күтіп жүрген Арайлы ауылының дәрігерлік амбулаториясы мен Ынтымақ ауылының медициналық пункті. Арайлы ауылындағы дәрігерлік амбулатория стандартқа сай салынып, ауысымына 45 келушіге есептелген. Ынтымақ ауылындағы медициналық пункт – 25 келушіге арналған. Қазіргі уақытта объектілер бойынша жұмыстар аяқталуда (сумен, электрмен жабдықтауды қосу, технологиялық жабдықтарды орналастыру және т.б). Құрылысшылар мен жергілікті атқарушы органдардың айтуынша, бұл ұйымдарды пайдалануға беру ағымдағы жылдың қаңтар айында жоспарланып отыр.

Келесі объект – Ақмол ауылындағы жайлы мектеп. Жалпы, Целиноград ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 7 мектеп салу көзделген.

Ел Президентінің 2022 жылғы Жолдауында алғаш рет жарияланған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығын, апатты мектептер мен үш ауысымды оқытуды жоюмен қатар, өңірге қарамастан барлық оқушылар үшін қазіргі заманғы және жайлы оқу жағдайларын қамтамасыз ете отырып, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, сондай-ақ шығармашылық және зияткерлік қабілеттерді дамытуға арналған кеңістік қалыптастыруға бағытталған. Мұғалімдер мен оқушылар қажетті жабдықтармен жабдықталған заманауи және жайлы мектептерде білім алуға және жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. Мекеме ұжымымен кездесуде депутат жиынға қатысушыларды Мәжілісте қаралып жатқан заң жобалары, заң шығару қызметі аясындағы мәселелерді талқылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті, сондай-ақ педагогтардың сұрақтарына жауап берді. Олар көтерген мәселелердің қатарында өскелең ұрпақты тәрбиелеу, білім беру жүйесіндегі реформалар, сумен жабдықтау және жолдардың сапасы бар.

Н.Дементьева «AMANAT» партиясы Ақмола аудандық филиалының азаматтарды қоғамдық қабылдауы кезінде ауылдықтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, алаяқтық салдарынан шағын несие алу, Тасты ауылында орталықтандырылған  сумен қамтамасыз ету, Ақмешіт ауылы ішіндегі жолдарды жөндеу және т.б. мәселелер көтерді. Барлық сұрақтар бойынша түсініктер берілді.