Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өңірде

2024 жылғы 8 қаңтар

Мәжіліс депутаты Н.Дементьева өңірлерге сапары аясында Көкшетау қаласында Жоғары техникалық колледждің ұжымымен және облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі – ұлттық еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық кадрларды даярлайтын заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған жаңа буын колледжі. Колледждің инновациялық білім беру бағдарламалары, оқу-өндірістік шеберханалары, жаңа техника үлгілерімен жарақтандырылған құзырет орталықтары, коворкинг-орталықтары бар. Депутат сол оқу орнының жұмысымен танысты. Колледж ұжымымен кездесу кезінде Н.Дементьева өз сөзінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалаудың маңыздылығын атап өтіп, 2025 жылды экономика өсімін қамтамасыз етуге, қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік идеясын ілгерілетуге және еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағанын айтты. Депутат ұжым алға қойған міндеттерді іске асыратынына сенім білдірді.

«Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжін тәжірибелік дағдылар мен құзыреттіліктің іргетасы деп атауға болады. Бұл токарлық іс те, фрезерлеушілер де, кең бейінді шеберлер де екенін қазіргі заманғы мағынада түсінуге болады. Шетелде өндірілген автоматтандырылған станоктар, электронды техника, заманауи құралдар – осының бәрі колледж студенттеріне жаңа білім алуға, балаларға түрлі салаларда өнімді және табысты болуға мүмкіндік береді.» деп әлеуметтік желіде өз жеке парағында бөлісті Н.Дементьева.

Әсіресе, депутат компьютерлік диагностика жүргізу және электр көліктерінің ақауларын жою жабдықтарын атап өтіп, аталған колледждің студенттері уақыт сынағына дайын деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, депутат ағымдағы жылдың ақпан айында пайдалануға беруі жоспарланған колледж жатақханасының құрылыс нысанына барып қайтты.

Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде ел Президентінің қазақстандық қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту жөнінде алға қойған міндеттері туралы сөз болды. Н.Дементьева жиынға қатысушыларды қабылданған заңдар мен Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы, экология, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен, нашақорлықпен, лудоманиямен күрес және т.б. туралы хабардар етті.

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында Н.Дементьева азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік, тұрмыстық сипаттағы мәселелер орындауға қабылданды. Тұрғындар қала ішіндегі жол, медициналық көмек көрсету, жұмыспен қамту, туризмді, кәсіпкерлікті дамыту, қараусыз қалған даладағы иттер және т.б мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Барлық көтерілген мәселелер заңнама шеңберінде талқыланып, түсіндірілді.