Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Маңызды

2025 жылғы 25 ақпан                                                                     Астана қаласы

Депутат Н.Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясында өткен «Folk & Art Performance» іс-шарасына қатысты.  

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясында «Folk & Art Performance» іс-шарасы өтті.

Жиынға Парламент депутаттары, «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері қатысты.

Мемлекет басшысының 2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының
30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде ҚХА Хатшылығы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Folk&Art Performance» жастар шығармашылық жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.

Шара барысында қонақтарға Қазақ ұлттық хореография академиясының Студенттік Ассамблеясы белсенділерінің орындауындағы «Жастар вальсі» хореографиялық қойылымы ұсынылды. Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Қазақстанның этномәдени бірлестіктерінің креативті және шығармашыл жастарының көрнекті өкілдерінің қатысуымен «Folk & Art Performance» жобасының концерттік бағдарламасы өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба талантты балаларды қолдауға және түрлі этнос өкілдерінің ел мәдениетін дамытуға қосқан үлесін көрсетуге бағытталған.