2025 жылғы 3 наурыз
Депутат Н.Дементьева «AMANAT» партиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың инклюзиясы жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысына қатысты.
Іс-шараға Кеңес мүшелері, Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам белсенділері және бейнеконференцбайланыс режимі арқылы өңірлердегі азаматтар қатысты.
Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Е. Әбдиев «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттың бірі – мүгедектігі бар адамдардың тұрмысын жақсарту екенін атап өтті.
Жиында келесі мәселелер қаралды: 1) Партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасының 42-тармағын іске асыру шеңберінде бір елді мекеннің орта білім беру ұйымдарында арнайы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қажет ететін мүгедек балаларға арналған кемінде бір инклюзияны қолдау кабинетін ашу туралы
2) Мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы
3) Партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасының 26- тармағын іске асыру шеңберінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың қозғалыс мүмкіндігі шектеулі топтары үшін инфрақұрылымның барлық түрлерін жақсарту туралы
Отырыста партияның сайлауалды бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру, мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыс барысы талқыланды. Ерекше қажеттілігі бар балалардың өмірін жақсарту және оларға ыңғайлы орта қалыптастыру «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі болып табылатыны атап өтілді.