2025 жылғы 1 шілде Ақмола облысы
Мәжіліс депутаттарының өңірлерге шығуы аясында депутат Н.Дементьеваның халықпен кездесулері Ақмола облысының Бұланды ауданынан басталды.
Сапардың мақсаты – әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысу. Аудан әкімі А.Смаиловпен және «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрайымы Р.Хожабаймен бірге депутат күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралады. Мердігерлермен, мекеме басшыларымен және жергілікті тұрғындармен кездесуде ағымдағы жағдаймен танысты.
Вознесенка ауылында бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта көпір салынуда. Жобаның сомасы – 823 млн теңге. (Мердігер – «Жылу-ХХІ» ЖШС). Көпір бөлшектелді, қадалар толтырылды, темірбетон арқалықтар жөнделді, бүгінгі таңда жұмыстың 90% -ы орындалды. Алайда, құрылыстың сапасы бойынша депутат мердігерге өз көзқарасы мен ескеретін жайттарды айтты.
Вознесенка, Қараөзек ауылдарында Н.Дементьева «Amanat» партиясының Жол картасы аясында салынып жатқан нысандарды аралады. Вознесенка ауылындағы Мәдениет үйінің ғимаратында іргетас қаланды, сыртқы қабырғалар мен ішкі қалқалар жасалды, қабырғалар жұмысы аяқталып, шатыры жабылу үстінде. Қаржыландыру күтілуде, одан кейін әрлеу жұмыстары, электр-сантехникалық және абаттандыру жұмыстары басталады. (Мердігер – «СТРОЙ ТЕХ IС» ЖШС).
Қараөзек ауылында Н.Дементьева ауылға кіреберіс жолдың жағдайымен танысты. Оны жөндеуге ЖСҚ әзірленді және сараптаманың оң қорытындысы алынды. Ауылдық мәдениет ошағын қайта жаңартуға 230 млн. теңгеден астам сомада бюджет қаражаты қажет. (Мердігер - «СТРОЙ ТЕХ IС» ЖШС). Барлық бөлшектеу жұмыстары жүргізілген, іргетас пен қабырғалар толық бекітілді. Алайда ағымдағы жөндеуге бөлінген сома жеткіліксіз.
Сондай-ақ депутат Макинск қаласындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан екі мектепте – Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейде (мердігер – «Абсолют строй» ЖШС) және № 1 жалпы білім беретін мектепте (мердігер – «Сарыарқа ЛТД» ЖШС) болды. Аудан басшылығының айтуынша, бұл жобалардың маңызы зор, өйткені ғимараттарға 50 жылдан астам уақыт болды, ал күрделі жөндеу жүргізілмеген. Бұл нысандарға мемлекеттік бюджеттен шамамен 1 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары белсенді жүріп жатыр, жұмыс қарқыны мерзімге сәйкес келеді.
Н.Дементьева атап өткендей, бюджет қаражатын тиімді игеру және жұмысты сапалы жүргізу маңызды, өйткені бұл халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. «Amanat» партиясы партиялық жобаларды жүзеге асыруға бөлінетін бюджет қаражатының игерілуін бақылауда ұстайды.