Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өңірде

2025 жылғы 3 шілде                                                                    Көкшетау қаласы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Н.Дементьева Ақмола облысының Көкшетау қаласында кездесулер өткізді

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынып жатқан 150 орындық мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту орталығының құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты. Облыс орталығының белсенді дамып келе жатқан «Сарыарқа» шағын ауданында салынып жатқан медициналық мекеме халықтың түрлі санаттарына қызмет көрсететін болады. Жаңа заманауи орталықта жыл сайын 1800 адам денсаулығын жақсартады деп күтілуде. Жоба құжаттамасындағы түзетулерге байланысты өзгерістер енгізілгендіктен, пайдалануға беру мерзімі кейінге қалдырылады. Орталықты 2027 жылға дейін іске қосу жоспарланып отыр. Депутаттың пікірінше, мұндай орталықтардың құрылысы – мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті қызметтерге қолжетімділікті кеңейту жолындағы маңызды қадам. «AMANAT» партиясы ел Президентінің тапсырмалары мен мыңдаған отбасының үміті  мерзімі ұзартылған, шексіз құрылысқа айналуына жол бермейді және жағдайды түзету бойынша нақты шараларға қол жеткізетін болады. Мұндай нысандар тоқтап қалмай, жұмыс істеуі тиіс.

Кейін Н.Дементьева Белсенді ұзақ өмір орталығына барып, оның қатысушыларымен әңгімелесті. Бұл зейнеткерлік жастағы адамдарға олардың қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік қызмет көрсететін көп бейінді ұйым. Орталықтың мақсаты – егде жаста белсенді және толыққанды өмір салтына ынталандыру, өзін-өзі танытуға, қарым-қатынас жасауға және мәдени-спорттық демалысқа жағдай жасау. «Бүгінгі таңда қарт адамдардың өз мақсаттарын жүзеге асыруы, өздерін қажетті және әлеуметтік жағынан қорғалғандарын сезінуі бұрынғыдан да маңызды. Белсенді өмір сүру орталығы – адамға қамқорлық көрсетудің нағыз басымдыққа айналуының мысалы», - деп атап өтті депутат.

2024 жылы ашылған «Аяла» арнайы балабақшасын аралау барысында Н.Дементьеваны мекеменің материалдық-техникалық жабдықталуымен таныстырды. Бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекеме. Мұнда балалар кешенді емдеу мен түзету көмегін алады, жеке ерекшеліктері ескеріле отырып оқытылады. Сондай-ақ, ата-аналарға баланы отбасы жағдайында тәрбиелеу және қолдау мәселелері бойынша кеңес беріледі.

Н.Дементьева мекеме қызметкерлерімен кездесуде Мемлекет басшысының білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының жаңа тәсілдерін іске асыру және қазақстандық қоғамдағы келісімді нығайту жөнінде алға қойған міндеттері туралы сөз қозғап, қатысушылардың назарын әлеуметтік мәселелерге, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. қатысты заңнаманың жаңа аспектілеріне аударды. Депутат мұндай мамандандырылған мекемелер инклюзивті қоғам құруда маңызды мәнге ие бола тұра, әрбір баланың дамуы, өсуі және бақыты үшін мүмкіндігі бар екенін атап өтті.