2025 жылғы 4 шілде Ақмола облысы
Ақмола облысы Бурабай ауданына сапары аясында Н.Дементьева бірқатар объектілерді аралап, халықпен жүздесті.
Жоспарға сәйкес депутат Зеленый бор ауылының толық күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйі мен Спорт кешеніне барды. Ауыл тұрғындары үшін осы екі әлеуметтік нысанның маңызы зор. Барлық мәдени, спорт шаралары осы екі ғимаратта өтеді. 70 жылдардан бері олар мүлдем жөндеу көрмегенін айту керек, осы мәселені ауыл тұрғындары жиі көтерген еді. «Облыстық олимпиада резервін даярлау орталығы» КММ спорт кешенінде бассейн, ойын, тренажер және спорт залдары жұмыс істейді. Басшылықтың мәліметінше, ауылдағы спорт нысанына күн сайын 170-ке жуық адам барады. Ауданы 4 мың шаршы метрді құрайтын екі қабатты спорт кешенінде бокс, еркін күрес, футбол, үстел теннисі, жүзу секциялары жұмыс істейді. Сондай-ақ, кешкі уақытта жергілікті тұрғындардың жаттығу залы мен бассейнге бару мүмкіндігіне болады. Ауылдың 320 орындық мәдениет үйінде балаларға арналған хореографиялық, вокалдық, театр үйірмелері белсенді өткізілуде. Оларға 150 бала үнемі барып тұрады. Қатысушылар облыстық, халықаралық және республикалық конкурстарда марапатталады. Нысандарды аралаған депутат Мәдениет үйі мен Спорт кешені барлық жастағы тұрғындардың шығармашылық, спорт жағынан дамуы, бос уақытын өткізу үшін қажетті әрі маңызды орын болатынын атап өтті.
Бұдан соң Н.Дементьева Щучинск қаласындағы №6 түзету кабинеті жұмысымен танысты. Психолого-педагогикалық түзету кабинеттері еліміздің барлық аймақтарында болуы керек екеін Президент айтқан еді. Осы мақсатта Бурабай ауданында мамандандырылған кабинеттер қарастырылған. №6 түзету кабинеті қазіргі заманауи қажетті құралдар-жабдықтармен жарақталған, мамандар тапшылығы жоқ.
Қазіргі кезде жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бір жолы – ол азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағдарлау, яғни бүгін қоғамға қажетті жаңа бизнес-идеяларды іске асыру болып табылады. Бұл бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал топтарына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант бөлініп келеді. Бурабай ауданының Щучинск қаласында аталған жоба бойынша бірнеше кәсіпкер жұмыс істеуде. Солардың қатарында – «Арт-багет» багет шеберханасы, «03Gulder» гүлдер дүкені және т.б. Депутаттың осы ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесуінде кәсіпкерлікті дамыту, айналадағы ортаны сақтау, ел бірлігін арттыру, жалпыұлттық келісімді нығайту және т.б мәселелер туралы сөз болды.