2025 жылғы 8 шілде Ақмола облысы
Бүгін Н.Дементьева Ақмола облысы Қорғалжын ауданына келіп жетті.
Мұнда Қорғалжын ауданының аурухана ғимаратын күрделі жөндеу жағдайымен танысты. Жұмыстар (3-ші қабатты, ас блогын және инфекциялық блокты жөндеу) екі жылға жоспарланған. Жоба құны – 378 млн. тенге. (Бас мердігер – «Компакт и К» ЖШС компаниясы). Жергілікті басшылықтың мәліметінше, бүгінгі таңда аурухана ғимараты мен ас блогы бойынша жұмыстар 100% -ға, инфекциялық блок бойынша – 70% -ға орындалды. Нысанның жалпы дайындығы – 85%. инфекциялық блокта жұмыстар жүргізілуде (үй-жайларды бастапқы және таза өңдеу; кәріз және жылу жүргізу; есіктерді орнату, еден мен қабырғаларда керамикалық тақтайшалар қалау).
Сондай-ақ Н.Дементьева аудан орталығында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс объектісінде болды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылдың мамырында басталды, жобаны іске асыру 3 жылға жоспарланған. Бұл көптеген спорт түрлерін қамтитын және аудан тұрғындарына спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беретін ірі және заманауи кешен болады деп күтілуде.
Кейін депутат «AMANAT» партиясы аумақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар ауданда жаңадан тартылған су трассасының сапасыз салынғандығы, жайылым жерлер тапшылығы, жол сапасы мәселелері бойынша сұрақтар көтерді. Келіп түскен барлық ұсыныстар мен сұрақтар бойынша ұсынымдар беріліп, заңнама нормалары түсіндірілді.