Депутат Н.Дементьева әлеуметтік желідегі өз жеке парақшасында Президент Әкімшілігі Басшысының «Jibek Joly» телеарнасына берген эксклюзивті сұхбаты бойынша пікір жариялады
Әңгіме барысында А.Дадебай мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін қозғады.
«Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» Абай
Ұлы Абай бабамыздың сөзіне толық қосыламын. Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру.
Мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы мен басқа өзекті мәселелерге қатысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебаев Jibek Joly телеарнасына сұхбат берді. Ол кісінің тіл мәселесіне қатысты айтылған ойы өте дұрыс.
Соңғы 10 -15 жылдың ішінде мемлекеттік тілі - қазақ тілінің мәртебесі әлдеқайда өсті деп сеніммен айта аламын. Бұны біз еліміздің түрлі өңірлерінде тұратын өзге этнос өкілдерінің қазақ тілін жетік меңгергенінен байқаймыз.
Қазақ тілінде сөйлеу соңғы уақытта сән құбылысына айналды деп те айтуға болады. Басқа елдерден келетін азаматтар қазақ тіліне қызығушылығын танытып, тіл арқылы қазақтың мәдениетін білгісі келеді. Сөйтіп, қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейтіп жатыр. Бұл өте қуанарлық жағдай!
Алайда, қоғамда тіл саласына қатысты арандатушылық көзқарастар да жоқ емес. Мемлекеттік тілге қатысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ұстанымы белгілі — мемлекеттік тілдің дамуына нақты іспен қолдау көрсету және бұл салада қандай да бір спекуляция мен арандатуға ЖОЛ БЕРМЕУ.
Біздің елімізде ешкімді сөйлейтін тіліне байланысты кемсітуге, қудалауға немесе қандай да бір қысым жасауға жол берілмейді. Бұл — мемлекетіміздің Конституциясында жазылған норма. Елімізде 120 - дан астам этнос өкілдері тұрады, олардың тілдерін дамытуға барлық жағдай жасалған. Қанша тіл білсең, сонша әлемге есік ашылады, дейді Президент.
Қадыр ағамыз “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!”, деп айтқандай мемлекеттік тілімізді білуге тиіспіз! Бұл біздің тұғырымыз!
Қасым-Жомарт Кемелұлы жастардың бірнеше тілде сөйлейтінін айтып, оларға сенім артып отыр.
Мемлекет басшысы айтқандай, қазақ тілі түбінде ұлтаралық тілге айналады, оның күні тіпті де алыс емес.
Бәріміз мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосуымыз қажет! Сөйтіп қазақ тілі - ұлтаралық тілге айналмақ!