Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Референдум қарсаңында

2024 жылғы 20 қыркүйек

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшелері Н.Дементьева, А.Мысырәлімова және Ю.Кучинская Ақмола облысында кездесулер өткізді.

Image title

20 қыркүйекте депутаттар Көкшетау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының еңбек ұжымымен кездесті. Депутаттар атом электр станцияларының ел болашағы үшін қажеттігі, олардың жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздігі, қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпаратпен бөлісіп, пікір алмасты. Парламентарийлер 6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу бойынша републикалық референдумға қатысып, алдағы жылдардағы ел болашағын айқындайтын маңызды шешім қабылдаудан тыс қалмауға шақырды.

Image title

Image title


Сол күні Н.Дементьева, А.Мысырәлімова және Ю.Кучинская Көкшетау спортшыларымен кездесіп, атом электр станциясының орындылығы, оңтайлылығы тұрғысынан елге берер пайдасы, оның қазіргі кездегі өзектілігі және осы саладағы кадрларды дайындау мәселесін талқылады.

Жекпе-жек өнері қауымдастығы спортшыларымен кездесуде сөз алған Мәжіліс депутаттары АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығы жағдайын шешу деген пікір білдірді. Өйткені сарапшылардың айтуынша, 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат жетіспеушілігі болуы мүмкін. Бұған қоса, ғалымдар қауымдастығы осы проблеманы шешу үшін АЭС салуды ұсынып отыр, деген дәлелдер келтіре отырып, депутаттар АЭС салу арқылы экономика және экология мәселесін тиімді шешуге болатынын атап өтті.

Сондай-ақ Н.Дементьева, А.Мысырәлімова және Ю.Кучинская Көкшетау қаласындағы мектеп ұстаздарымен кездесті. Мәжіліс депутаттары еліміз үшін АЭС қажеттігі, оларды салудың артықшылықтарын, заманауи АЭС -тің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі туралы ақпаратпен бөлісіп, педагогтардың сұрақтарына жауап берді. Депутаттар АЭС салу бойынша ел үшін маңыды мәселеде өз таңдауын республикалық референдумда жасауға шақырды. Олардың айтуынша, Қазақстанда АЭС салу – бұл тек энергия тапшылығын шешу жолы ғана емес, сонымен қатар пайдалы қазбаларға тәуелділікті азайтудың қадамы. Заманауи атом энергетикасы технологиялары қауіпсіздік пен экологиялық тазалықты қамтамасыз етеді, бұл біздің табиғатымызды сақтау үшін өте маңызды екеніне назар аударды.

Барлық көтерілген мәселелер талқыланып, түсіндірілді. Кездесулер облыс аудандарында әрі қарай жалғасты.