Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінде

2024 жылғы 11 қазан                                                              Астана қаласы


Депутат Н.Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

Image title

 Жиын астаналық Достық үйінде өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтылған тапсырмаларын, сондай-ақ Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, 2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері алға тартылды.

Image title

Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамымыз бен мемлекетіміздің бірлігін нығайтуға, жастарымызда дұрыс құндылық бағдарларын қалыптастыруға ықпал ететін 13 арнайы жобасы атап өтілді. Бұл «Біртұтас қоғам: Келісім және сенім», «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар», «Жомарт Жан» және т.б.

ҚХА Кеңесінің мүшелері ҚХА Республикалық этномедиация кеңесі, ҚХА шығармашылық ұжымдарының қауымдастығы, Студенттік Ассамблея туралы, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі жанындағы Жас ғалымдар клубы туралы ережелерді бекітті.

Image title

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары -Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Құрманова, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, Парламент депутаттары, ҚХА Кеңесінің мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің және ҚХА қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Н.Дементьева: «Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесінде Ассамблеяның 30 жылдығына дайындық туралы айтылды, оның мерейтойы келесі жылы атап өтіледі. Ассамблея өзін әлдеқашан тиімді қоғамдық институт ретінде танытты. Үлкен трансформациядан өткен ол парламенттік өкілдіктің жаңа құралдарына ие болды. Ондаған жылдар бойы Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық этностарының мүддесін білдіріп келеді және этносаралық толеранттылық идеалдарына қызмет етеді».