2024 жылғы 8 қазан Астана қаласы
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шақыруымен депутат Н.Дементьева онлайн-форматта өткен кеңеске қатысты.
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен кеңес онлайн-форматта болды.
Айта кету керек, депутат ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т.Дүйсенованың атына білім беру мекемелерінде тамақтану сапасын қамтамасыз ету шаралары туралы депутаттық сауал жолдаған болатын.
Күн тәртібінің тақырыбы бойынша ұзақ пікірталастан кейін мектептерде балалар тағамын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімін жетілдіру үшін ұсыныстар пулын қалыптастыру ұсынылды.
Н.Дементьева: «Бүгінгі таңда мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жағдай ойдағыдай емес. Оқу жылының басында Маңғыстау облысында балалардың жаппай улануы кезекті прецедент туғызды. Сондықтан балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін осындай жағдайға жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау, мектеп инфрақұрылымын дамыту, балаларды толыққанды және сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру үшін тиісті үй-жайлармен және жабдықтармен қамту, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін және санитарлық нормаларды қамтамасыз ету қажет».