Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өзекті

2025 жылғы 23 сәуір                                                         Астана қаласы

Ұлттық кітап күніне арналған «Хабар» телеарнасына берген сұхбатта депутат Н. Дементьева білім көзі, рухани қазына болып табылатын кітап туралы ой бөлісті.

Үкімет қаулысымен Қазақстанда «Ұлттық кітап күні - 23 сәуір» атты жаңа мейрам пайда болды. Бұл жаңа мереке күні Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінен кейін бекітілді. «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», -деді Президент. Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Мысалы, көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді... Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Ұлттық кітап күнін мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет, деп атап өтті Мемлекет басшысы.