Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Күн тәртібіндегі мәселе

2023 жылғы 24 мамыр                                                                                  Астана қаласы


      Депутат Н.Дементьева «Онлайн -платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының таныстырылыма қатысты        

    «Онлайн -платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін онлайн- платформалар арасында туындайтын онлайн-жарнама және онлайн- платформалар саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Image title


          Заң жобасына Парламент Мәжілісінің депуаттары  А. Баққожаев, М. Башимов, Қ. Иса, О. Құспеков, М. Магеррамов, А. Сарым және А. Сағындықова бастамашылық етті. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабын іске асыру мақсатында әзірленді, оған сәйкес әркімнің заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпаратты алуға және таратуға құқығы бар. Бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабының 2-тармағына сәйкес келеді.

        Сонымен бірге, Халықаралық пактінің 19-бабының 3-тармағына сәйкес шектеулер:

        - басқа адамдардың құқықтары мен беделін құрметтеуге;

        - мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығын немесе имандылығын қорғау үшін заңмен белгіленуі мүмкін.

        Бүгінде Қазақстанда онлайн-платформалардың жұмыс істеуі мен дамуының заңнамалық базасы қалыптаспаған: қазіргі заманғы тұжырымдамалық аппарат жоқ, пайдаланушылардың өздерімен де, онлайн- платформалар әкімшілерімен де өзара әрекеттесуі тұрғысынан бірқатар «сұр орындар» бар. Осының барлығы нақты белгіленген құқықтық салада жұмыс істейтін және сонымен бірге аудитория үшін өз араларында ғана емес, сонымен қатар онлайн- платформалар субъектілерімен де бәсекеге түсуге мәжбүр болған кәсіби журналистер мен БАҚ-ты тең емес жағдайға қояды.

       Заң жобасына онлайн-платформа, пайдаланушы, онлайн-платформаның иесі және үйлестірушісі, онлайн-жарнама, ықпал етуші (инфлюенсер), мақсатты онлайн-жарнама, профильдеу, онлайн-платформадағы аккаунт және басқалар сияқты ұғымдарды енгізу көзделген.

        Сондай-ақ ақпаратты заңсыз мазмұнға жатқызу негіздерін, сондай-ақ онлайн- платформаларды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін қарастырады. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Е.Саиров.