2023 жылғы 26 қыркүйек Астана қаласы
Парламент Мәжілісінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырған «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері туралы» тақырыптық отырыс өтті.
Жиынға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен заңгерлер қатысты.
Отырысты Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы С.В.Имашева ашты. Алғы сөзінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі тек біздің ғана емес, барлық елдердің проблемасы болып табылады, бірақ бұнымен әр ел өз мүмкіндігінше күресіп келеді және әрқайсысының өз әдістері бар, деді депутат.
С.В.Имашева Президент Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы мәселеге бірнеше рет назар аударып, тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту жөнінде бірқатар тапсырмалар бергенін атап өтті. 2019 жылы бірқатар түзетулер қабылданды. Өткен жылдың қыркүйек айында Президент кезекті Жолдауында отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту жөнінде тағы да тапсырма берді.
Отырыста отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатайтуға бағытталған соңғы заңнамалық жаңалықтардың тиімділігін талқылау ұсынылды.
Талқыланып отырған тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары И.В.Лепеха жиналғандарды хабардар ете отырып, ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында осындай 5,3 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, шілде-тамыз айларында олардың саны 16 мыңнан асқанын айтты.
Сәйкесінше, қамауға алынған «бұзақылардың» саны екі есе өсті (1 шілдеге дейін – 1392, кейін – 2389). Оның пікірінше, жалпы қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеушілік, ал мемлекет тарапынан жазаның бұлтартпастығы үрдісі қалыптасуда, деді И.В.Лепеха.
Қазіргі кезде қабылданған шаралардың нәтижесінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды (10,2%-ға, 668-ден 600-ге дейін), ал кісі өлтіру 6%-ға (83-тен 78-ге) және денсаулыққа ауыр зиян келтіру 19,3%-ға (264-тен 213-ке) азайту үрдісі байқалады.
Депутат Н.Г. Дементьева Мемлекет басшысы өз сөйлеген сөздерінде «бұзақылармен» жүйелі әлеуметтік, сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүргізуді бірнеше рет ұсынғанын атап өтті. Депутат отбасылық-тұрмыстық жанжалдың «шешілмеуінің» тағы бір жағы бар: бұл «ұят» деп аталатын ұғым – яғни «қоғамның алдында кір зығыр жууға болмайды!» деген пікір бар, деді. Әйел отбасында жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын айтудан қорқады. Балалар аналарымен бірге ұрып-соғуға, зорлық-зомбылыққа ұшырайды, оған шыдайды, ал еркек агрессорлар еш арсыз және жазасыз мас күйінде әділет орындарынан да, мемлекеттік органдардан да қорықпайды. Соның салдарынан әйелдің күйеуінің қолынан қаза тапқаны немесе балта тартып, күйеуін өзі өлтіргені туралы ақпарат құралдарынан оқып, көріп жүрміз. Сондықтан агрессорларды отбасынан оқшаулау үшін дер кезінде шаралар қабылдау қажет, олармен психологтар, қажет болған жағдайда, психотерапевтер және әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істеуі қажет, деп атап өтті.
Сондай-ақ Н.Г.Дементьева дағдарыс орталықтары мәселесін көтеріп, дағдарыс орталықтарында зорлық-зомбылық құрбандарымен емес, төбелесшілермен жұмыс істеу туралы ұсыныс жасады.
Содан кейін тақырыптық пікірталаста сөз сөйлегендер:
- «Адам құқықтары ұлттық орталығының» басшысы, Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары – Тұрсынбекова С.П.
- Адвокат, құқық қорғаушы, «AU» құқықтық онлайн мектебінің негізін
қалаушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі – Умарова А.М.
- Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы,
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі – Шанаи Н.Ы.
- Қазақ мемлекеттік заң университетінің Ғылыми сараптама және
талдау институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор – Қоғамов М.Ч.
- «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтык ақпарат
институты» ММ қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару заңнамасы және сот сараптамасы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор – Рахметов С.М.
- Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң
факультеті қылмыстық- құқық пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы – Ахпанов А.Н.
- Алматы қаласының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі, Жас
ғалымдар кеңесінің мүшесі, заңгер-әлеуметтанушы – Әжіғұлова Х.Қ.
- «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі
басқармасының төрайымы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі – Байсақова З.М.
- «Komek-Otbasy» дағдарыс орталығының басшысы –Рыль А.И.
- «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының жетекшісі –
Баймұхаметова Р.С.
Отырыс тақырыбы бойынша тақырыптық талқылаудан кейін депутаттар тарапынан сауалдар қойылып, оларға тиісті құрылым өкілдері жауап беріп, жиынға қатысушылар сөз сөйледі.
Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалып, жолданады.