2023 жылғы 27 қыркүйек Астана қаласы
Депутат Н.Дементьева «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының негізгі міндеттері туралы баяндады
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралып, мақұлданды. Заң жобасының мәні бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары Ә.Шындалиев баяндап берді. Мәжіліс депутаты, осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Н.Дементьева қосымша баяндама жасады. Заң жобасы талқыланғаннан кейін Сенатқа жіберілді.