2024 жылғы 4 қазан
Депутат Н.Дементьева Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезі жұмысына қатысты
Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен судьялар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты.
Съезд делегаттары алдында ел Президенті Қ.Қ.Тоқаев сөз сөйлеп, соттардың қызметін одан әрі жетілдіру үшін бірқатар басымдықтарды белгіледі.
«Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Судьялар съезі судьялар мәртебесін арттыруға қатысты заңнамада маңызды өзгерістер жағдайында өтті. Съезде ел Президенті айтқан негізгі постулаттар – заң мен тәртіпті қатаң сақтау – съезд жұмысының бастапқы бағыты болды». - деп атап өтті Н.Дементьева. – Сот жүйесін жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, ол судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және заң ережелерін қадағалауды көздейді. Бұған халықтың сотқа және жалпы заң шығару жүйесіне деген сенімі байланысты, -дейді депутат.