2024 жылғы 6 қараша Астана қ.
Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген депутат Н.Дементьева балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Бүгін Мәжілісте бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасының білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіруге бағытталған және асырап алатын кәсіби отбасы институтын
енгізуді реттейді.
«Әлемдік тәжірибе асырап алатын кәсіби отбасы немесе фостер отбасы қиын өмірлік жағдайларға тап болған балаларды оңалту және кейіннен биологиялық отбасына немесе орналастырудың басқа түрлеріне беру мақсатында оларды орналастырудың уақытша нысаны екенін көрсетеді.
Бұл нысанның басты міндеті – БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында айтылғандай, баланың отбасыда өмір сүруіне және тәрбиеленуіне басым құқығын іске асыру.»- деді Н.Дементьева баяндамасында.
Әрі қарай депутат: «Баланы қабылдайтын кәсіптік отбасы объективті жағдайлар биологиялық отбасына қайтару, бала асырап алу, патронат немесе қорғаншылық сияқты басым нысандарды пайдалануға мүмкіндік бермейтін балама болып табылады. Бұл институт жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар орналастырылатын мекемелерге негізгі баламалардың бірі болып табылады, оның негізгі міндеті балаға балалар үйіне түспеуге көмектесу, оны отбасылық жағдайда тәрбиелеу, күтіп-бағу, оңалту, өз отбасын табу болып табылады.»- деп ойын жалғастырды.
Заң жобасында кәсіби тәрбиешілерді іріктеу, оқыту, еңбекақы төлеу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін реттеудің құқықтық тетіктері, сондай ақ осы құқықтық қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу ұсынылады.
Н.Дементьеваның пікірінше, депутаттар ұсынған бастамалар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жүйесіне оң әсерін береді.