Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жалпыұлттық бірліктің маңызды құралы

2024 жылғы 26 қараша                                          Астана қаласы              

    Депутат Н.Дементьева «Бір ел бір мүдде» депутаттық тобының отырысына қатысты.

    «Бір ел–- бір мүдде» депутаттық тобының «Этножурналистиканы және шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарды мемлекеттік қолдау» тақырыбына арналған отырысы Достық үйінде өтті.

    Шетелдегі этномәдени және қазақ тілді БАҚ-ты қолдау мәселесі талқыланатын отырысқа Парламент депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Қоғамдық келісім» РММ, этникалық БАҚ және «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.

    Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, депутаттық топтың жетекшісі Н.Жүсіп өз сөзінде шетелдегі этномәдени журналистика мен қазақ тілді БАҚ-тарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

    Шараны ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, жиын барысында сарапшылардың баяндамалары мен пікірлері тыңдалды. Сөз сөйлеушілер этножурналистиканың азаматтық құндылықтарды қалыптастырудың, жалпыұлттық бірлікті дамыту және нығайтудың, сондай-ақ қазақстандық қоғамда этностық топтарды шоғырландырудың маңызды құралы ретіндегі шешуші рөлін атап өтті. Сонымен бірге БАҚ арқылы этносаясатты ілгерілетудің, этносаралық келісімді қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады. Этножурналистиканы мемлекеттік қолдау тетіктерін әзірлеу, шетелде қазақ тілді БАҚ-тың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасау, жаһандану барысында ұлттық ерекшелік пен тіл дәстүрін сақтаудың маңыздылығы туралы мәселелер көтерілді.

    Этносаралық тұрақтылық үшін тәуекелдерді алдын алуға, әлеуметтік желілерде «араздық тілінің» таралуына қарсы тұруға және этникалық, тілдік белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеуге назар аударылды.

    Сондай-ақ шетелдегі қазақ тілді БАҚ-ты ақпараттық қолдауды одан әрі нығайту үшін нақты ұсыныстар мен бастамалар айтылды. Кездесу қорытындысы бойынша заңнамалық деңгейде одан әрі пысықтау үшін ұсыныстар дайындау жоспарланды.

    Н.Дементьева этносаралық мәселе өте сезімтал екенін атап өтті. Бұл тұрғыда әрқашанда өз картасын ойнатуға тырысатындар болады. Мұндай жағдайда біз, инфлюэнсерлер (қоғамдық пікір көшбасшылары) ретінде, жағымсыз жарияланымдарға қарсы жағымды контентпен сөйлеуіміз өте маңызды. Әрқайсымыздың елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ісінде өз жауапкершілігімізді сезінуіміз қажет, деді депутат.