2024 жылғы 21 қараша Астана қаласы
Мәжілісте өткен дөңгелек үстел отырысында депутат Н.Дементьева жануарлармен жұмыс істеу мәселелерін тиімді реттеу қажеттігін айтты.
Мәжілісте «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын талқылау аясында дөңгелек үстел өтті. Оған Мәжіліс депутаттары, бірқатар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жеке меншік құрылымдардың өкілдері, сарапшылар қатысты.
Қараусыз қалған жануарларға байланысты проблеманың ауқымына Мемлекет басшысы назар аударғаны белгілі. 2024 жылдың мамырында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын сарапшыларды тарта отырып, талқылауда. Заң жобасында адамдардың қауіпсіздігі, сондай-ақ жануарларды қорғау мақсатында қараусыз қалған жануарлардың санын реттеу бойынша шаралар көзделген. Өзгерістердің мақсаты – қараусыз қалған жануарлардың санын реттеу, оларға тиісті бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ үй жануарларын ұстауға жауапкершілікті арттыру үшін жаңа тәсілдерді енгізу.
Депут Н.Дементьеваның пікірінше, объективті және тиімді шешімдер қабылдау үшін қаңғыбас, сондай-ақ қараусыз қалған жануарлардың нақты деректері туралы нақты көрініс қажет. Оның ішінде қажет: чиптелген, кастрирленген, стерильденген және вакцинацияланған жануарлардың индексі; иеленуші жануарларды есепке алу индексі, баспаналар құрамы; баға белгілеу тәртібін сақтау, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзу индексі; қоғамдық қауіпсіздік және жануарлар ауруларын есепке алу индексі т.б.
Бұл мәселелердің барлығын атқарушы органдар, соның ішінде ақпараттық бағдарламаларда іске асыруы тиіс. Барлық өңірлерде жануарларды есепке алу жөніндегі лицензияланған ақпараттық бағдарламалардың болуы туралы мәліметтер, барлық жүйелерді жалпы деректер базасына ықпалдастыру жөніндегі шаралар және т.б. қажет.
Депутат жануарлардан ұрпақ алғысы келетін жануарлардың иелері үшін «жануар өсіруші» ұғымы бойынша түзету енгізу, сондай-ақ жануарларды қалдырғаны үшін айыппұл енгізу арқылы жануарлар иелерінің әрекеттерін реттеуді ұсынды.