Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Әлеуметтік бағыт

2024 жылғы 18 желтоқсан                                                              Астана қ.

Депутат Н.Дементьева Сыртқы істер министрлігінде өткен халықаралық конференция аясында әлеуметтік жұмыс және тұрақты даму мәселелерін талқылауға қатысты

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ұлттық кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің қауымдастығымен бірлесіп «Қазақстан контекстінде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіби әлеуметтік жұмыстың келесі қадамдары: SOLID жобасын іске асыру» атты халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға депутаттық корпустың, Конституциялық Соттың, салалық министрліктердің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, академиялық саланың, сарапшылар қоғамдастығының, азаматтық қоғамның өкілдері, сондай-ақ SOLID жобасының ғылыми жетекшісі профессор Хейно Штовер қатысты.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі А.Нәдірқұлова конференцияға қатысушыларды құттықтады. Кездесуді ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, осы қорытынды конференция аясында Қазақстанда, Орталық Азияда, Қытайда және Германияда жүзеге асырылған SOLID тәуелді мінез-құлқы бар адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған жобалары талқыланды. Сондай-ақ Қазақстандағы кәсіби әлеуметтік жұмыс призмасы арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі жағдайы талқыланды. Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби қауымдастығы бес жылдық жетістіктерімен бөлісті және алдағы бес жылдағы мүдделі тараптармен келесі бірлескен қадамдарды қарастыруды ұсынды.

Конференцияда түрлі пікірлер айтылып, әлеуметтік жұмыс пен тұрақты даму мәселелері талқыланды. Н.Дементьева Мәжілісте қаралатын әлеуметтік салаға қатысты заң жобалары, қабылданған заңдар туралы баяндап берді.

Әлеуметтік осал топтардың жағдайын жақсарту, барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, сот төрелігі және оңалту салаларындағы қиындықтарға тап болғандардың құқықтарын қорғау сияқты негізгі міндеттерді шешу туралы атап өтілді. Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының басшысы С. Тұрсынбекова қатысушылардың назарын осыған аударды.

Салалық министрліктер үшін, Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және т.б қоса алғанда, Адам құқықтары саласындағы іс-қимыл жоспарын іске асыру тұрғысынан кәсіби стандарттарды әзірлеу мүмкіндігін зерделеу туралы да айтылды.

Іс-шараға қатысушылардың пікірінше, жалпы, қорытынды конференциядағы талқылау ашық және сындарлы түрде өтті. Мемлекеттік органдар мен академиялық саланың, азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар докторанттар мен постдокторантураның мәселелерін, сондай-ақ баяндамаларын тыңдап, Қазақстан контекстінде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде кәсіби әлеуметтік жұмыс мәселелерін жүйелі жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар берді.