Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заңнама аясында

2025 жылғы 30 қаңтар                                                          Ақмола облысы, Қосшы қ.,

Депутат Н.Дементьева Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысына қатысты

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның өкілдері, Академия басшылығы және қызметкерлері қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыбы құқық қорғау органдарын кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру мәселелері болды.

Мәжіліс Комитетінің төрайымы С.Имашева мұндай кездесулердің заңнамалық және құқық қорғау жүйелерінің өзара іс-қимылын нығайту үшін маңыздылығын атап өтті. «Тиімді құқық қолдану құқықтық мемлекеттің негізі ғана емес, азаматтардың қауіпсіздігі мен олардың құқықтарын қорғаудың кепілі болып табылады. Біз қазіргі заманғы қоғамның өзекті сын-қатерлерін шешуге қабілетті жоғары білікті кадрлар даярлауды қамтамасыз етуге тиіспіз»,-деді С.Имашева.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ә.Шындалиев, Академия туралы айта келе: «Құқық қорғау органдарының жұмыс сапасы кадрларды даярлау деңгейіне тікелей байланысты. Академия заңның үстемдігін қамтамасыз ететін және азаматтардың құқықтарын қорғайтын кәсіби мамандарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады»-деп атап өтті.

Академия ректоры М.И.Сексембаев отырысқа қатысушыларды 2015 жылы құрылған Академия қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Академия құқық қорғау қызметіне кіретін адамдарды бастапқы кәсіби даярлау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ғылыми-зерттеу қызметі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, халықаралық ынтымақтастық сияқты міндеттерді орындайды. Пікірталас аясында ректор тағылымдама кезінде процессуалдық іс-әрекеттерге қатысу құқығын бере отырып, «тыңдаушының» мәртебесі мен өкілеттіктерін заңнамалық түрде бекітуді ұсынды.

Сондай-ақ жиында Академияның ғылыми қызметкерлері үшін ғылыми дәрежелеріне қосымша ақы белгілеу бөлігінде жағдайларды жақсарту мәселелері көтерілді.

Іс-шара барысында белсенді талқылау, пікір алмасу болды, онда депутаттар Академия жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Жекелеген депутаттар ЖОО-ның ғылыми-білім беру қызметіне қатысуға ниет білдірді.

Отырыс шеңберінде Академияның ғылыми еңбектерінің тұсаукесері өтті және кездесуге қатысушылар үшін Академия аумағына экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтарға сот процесінің залы, психологиялық жеңілдету кабинеті, киберорталық, прокурорлық және криминалистикалық полигондар мен тыңдаушылардың жатақханасы көрсетілді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің сапалы кадрлық әлеуетін дамыту мен нығайтудың маңыздылығын атай отырып, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.