Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заңнама аясында

2025 жылғы 4 ақпан                                                                 Астана қаласы

Депутат Н.Дементьева Мәжілісте өткен экология мәселелері бойынша заң жобасының таныстырылымына қатысып, сөз сөйледі

Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың,үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері, сарапшылар қатысты.

Экологиялық заңнаманы жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірқатар депутаттары бастамашылық жасады.

Экология мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде Экологиялық кодекске көміртекті реттеу саласын жетілдіруге бағытталған түзетулер енгізу көзделген.

Жиында бұл түзетулер ерікті көміртегі нарығы шеңберінде алынған көміртегі бірліктерінің қосарланған есебін реттеу, сондай-ақ кәсіпорындарды мемлекеттік орман қоры жерлерінде, босалқы жерлерде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде және жаңа орман екпелерін отырғызуға және тозған жерлерді қалпына келтіруге бағытталған елді мекендер жерлерінде көміртегі офсеттерін өткізуге ынталандыру арқылы климаттың өзгеруіне жаһандық ден қою шараларына Қазақстан Республикасының ұлттық үлесін орындауға ықпал ететіні айтылды.

Дискуссия кезінде депутат Н.Дементьева Маңғыстау облысындағы көгалдандыру мәселесін қозғады. ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Әлиев Ақтау орталығында ғылыми ізденістер, будандастыру, іріктеу арқылы бейімделетін және климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, Маңғыстау топырағында өсуі ықтимал өсімдіктердің қандай да бір түрлерін аудандастыруды жүзеге асыратын арнайы питомник бар екенін атап өтті.

Өз кезегінде депутат А.Сағандықова сол Ботаникалық бақ мамандары өңір үшін тұрақты «иммунитеті» бар өсімдіктерді өсіру бойынша үлкен жұмыс атқарып жатқаны туралы айтты.

Сонымен қатар таныстырылымда аталған жоба: Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жұмысының тиімділігін арттыру және республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту; уәкілетті органдар қызметінің қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тиімділігін арттыру; экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту, ластаушыларды табиғатты сақтау бойынша экономикалық тұрғыдан ынталандыру және тұрақты даму қағидаттарына көшу; экологиялық ақпаратты жүйелеу, мемлекеттік органдардың оны пайдалану қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру; қайталама көміртегі нарығында көміртегі бірліктерінің саудасын ынталандыру сияқты мүмкіндіктерді қамтитынына назар аударылды.